(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 07 МАМЫРДАҒЫ № 513 ҚАУЛЫСЫ

Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк
орта білімдi, кәсiптiк жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiнгi
кәсiптiк білімдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 513 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.01.26. № 62 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2005 ж. 27 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы және "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк орта білімдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

2) кәсiптiк жоғары білімдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

3) жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

4) құпия;

бекітiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгі республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсіптік орта білімдi, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда кәсiптiк жоғары білімді және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандарды даярлауға арналып бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруды жүргiзсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 7 мамырдағы № 513 қаулысымен

бекітілген

Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында

кәсiптiк орта білімдi мамандар даярлауға 2004-2005 оқу жылына арналған

мемлекеттік білім беру тапсырысы

    

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.